Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!

Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға...

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Ұстаз болуды балалық шағымнан армандап,бүгінде Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде оқып жүрмін.

Ұстаз болу үшін біліммен қатар тәжірибе алу қажет, сондықтан бізді практикадан өтуге Павлодар қаласының No7 мектебіне жіберді. Осылай мен 4-сынып мұғалімі Данагүл Советқызымен таныстым. Қиындығымен қызығы бірге жүретін осынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін Данагүл Советқызы көп еңбек етеді. Әр сабағына жете дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім — тәрбие беріп, өмірге икемдеп, адалдыққа баулып, адамгершілік қасиеттерді бойларына дарытып, балалармен сырласа отырып жан дүниесін ұғынуға тырысады.

Данагүл Советқызы уақытпен санаспай балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді деп үйретеді. Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білім мен біліктілікті арттырып отыру қажет екенін түсіндім. Келесі оқу жылы 1-сыныпқа келетін оқушылардың ата-аналарына өз балаларыңызды No7 мектептің мұғалімі Данагүл Советқызына оқуға берсеңіздер жаңа заманға сай жігерлі де намысты ұлдарымызды, инабатты да ибалы қыздарымызды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, қазақы болмысымызбен тәрбиелейді деген үміттемін.

Есеналы Жанат Сералықызы Б.Ахметов атындағы
Павлодар педагогикалық колледж студенті.
0 комментариев

Авторизуйтесь или войдите с использованием для добавления комментариев